Жоғары оқу орны мен мектептің өзара байланысының негізінде дуалды оқыту жүйесінің элементтерін іске асыру
Abstract
Қазақстан Республикасының инновациялық даму
жолына көшу барысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
қажеттілігі білім беру жүйесінде елеулі өзгерістерді талап
етеді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда жұмыс берушілер, білім
беру мекемелері қазіргі еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті,
кез-келген сыни өзгерістерге дайын жаңа формациядағы жоғары
білікті мамандар қажет деген ортақ пікірге келеді. Соның
негізінде өндірістің, жоғары оқу орнының және жоғары оқу
орнының түлектерінің арасында жұмысқа орналасу мен кәсіби
біліктілікті қалыптастыруға байланысты ортақ мүдделерінің
сәйкес келмеу мәселелері туындауда. Сондықтан, осы мақалада
Информатика мамандығы бойынша жоғары оқу орны мен
мектеп арасындағы сабақтастықты анықтай отырып,
нәтижесінде туындаған мәселелерді дуалды оқыту жүйесінің
элементтерін қолдану арқылы шешу қарастырылған.

