dc.description.abstract |
Мақалада Үлкен және Кіші Талдыкөл көлдерінің күзгі альгофлорасы және сужағалау өсімдіктерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижесі бойынша күзгі
альгофлора нәтижесі бойынша күзгі альгофлорасына, цианобактерияларды қоса алғанда, 36
түр кіреді. Балдырлардың көп бөлігі бета-мезасапробты түрлерге жатады. Кіші
Талдыкөлде түрлік алуантүрлік төмен болды, ол күзгі мезгілде көлдің экологиялық
жағдайының нашар екендігін көрсетеді.
Су-жағалау өсімдіктерінің 11 тұқымдастан 35 түр кездеседі. Зерттелген орындардың
сужағалау өсімдіктеріне негізінен Орталық Қазақстанда жиі кездесетін арам шөптер мен
адвентивті өсімдіктер кіреді. Қауымдастықтағы қоқысты өсімдіктер зерттелген
аймақта кері әсер етеді, олар арам шөптердің таралуына себеп болады. |
ru |