dc.description.abstract |
Өзара байланысқан агрегаттар кешенiнен тұратын технологиялық жүйенiң
модельдер пакетiн жүйелiк талдау тәсiлдерi көмегiмен қолжетiмдi түрлi ақпараттар негiзiнде
құру методикасы жасақталып, күкiрт өндiру блогы мысалында жүзеге асырылған.
Жинақталған және өңделген эксперименталдық-статистикалық деректер мен эксперттiк
ақпараттар негiзiнде, сондай-ақ регрессорларды тiзбектей қосу тәсiлi идеясын қолдана отырып
реакторлар шығысындағы күкiрт көлемiн анықтайтын модельдер құрылымы көпрегрессиялық
теңдеулер жүйесi түрiнде идентификацияланған, ал Клаус реакторы шығысындағы күкiрт
сапасын бағалайтын модельдер айқын емес регрессиялық теңдеулер түрiнде тұрғызылған.
Регрессиялық коэффициенттердi параметрлiк идентификациялау ең кiшi квадраттар тәсiлi
негiзiнде REGRESS программалар пакетiн қолдану арқылы идентификацияланған, ал айқын
емес коэффициенттердi анықтау аталған тәсiлдi α деңгейлi жиындар негiзiнде айқын емес
жиындар теориясы тәсiлдерiн пайдалана отырып түрлендiру арқылы орындалған. Сонымен
Атырау МӨЗ күкiрт өндiру блогы термо және Клаус реакторларының математикалық
модельдерi құрылған. |
ru |