Аннотации:
Бұл мақалада биоцеллюлоза өнiмдiлiгiн зерттеу нәтижелерi мен ұсыныстар
келтiрiлген. Нәтижесiнде, биоцеллюлозаның тиiмдi штаммы бөлiнiп, бастапқы штаммнан
селекция әдiсi арқылы целлюлозаны көп мөлшерде өндiруге қабiлеттi клондар iрiктелiнедi.
Селекция сатысынан кейiн периодтық және үзiлiссiз культивирлеудiң жағдайын
оптимизациялау бойынша жұмыстар жүргiзiлiп, сонымен қатар пребиотик ретiнде
қолданылуында келешегi бар целлюлоза алынады.Бактериалды целлюлозаның фибриллалары
өсiмдiктiкiне қарағанда 100 есе жұқа, сол арқылы көп поралы материал түзе отырып, кез
келген сырттан келетiн инфекцияға тиiмдi физикалық бөгет бола отыра, антибиотиктер немесе
басқа да медикаменттарды жараға тура тасымалдауға мүмкiндiк бередi. БЦ аллергиялық емес
және қасиеттерiн өзгертпей оңай стерилизацияланады. Адам терiсiмен ұқсас бола отырып,
БЦ үлкен күйiктердi өңдеуде және созылмалы жараларды емдеуде терiнiң алмастырғышы
бола алады. Осы себептi, целлюлоза жараларды емдеуде де кеңiнен қолданылады.Жұмысты орындау барысында келесi әдiстер қолданылды: биоцеллюлозаның тиiмдi продуценттерiн бөлiп алуға арналған жинақтаушы және таза культура әдiстемесi, микроскопиясын жүргiзу үшiн микроағзаларды бояуда қолданылатын Грамм әдiсi.