dc.description.abstract |
Бұл мақалада оқушылардың білімдерін бағалаудағы тестілеудің маңыздылығын
қарастырылады. Мектептегі тестілеу әдетте оқушыларға баға беру (сыныптағы тест
нәтижелері бойынша) немесе оларды қабілеттілік тұрғысынан бағалау мақсатында өткізіледі.
Егер мектеп оқушыларынан жиі тест алынып отырса, олар қателіктерінен сабақ алып,
жүйелілікпен оқуға бейім болады. Сонымен қатар, тестілеу оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтауға және оқуға деген күш-жігерін күрделі материалға бағыттауға
мүмкіндік береді. Тестілеу оқушылар үшін метакогнитивті бақылауды жақсартуға мүмкіндік
береді, өйткені ол оқытудың қаншалықты жақсы жүріп жатқаны туралы кері байланыс береді.
Егер оқушылар тестілеуді оқу стратегиясы ретінде жиі қолданса, білім беру мекемелерінде
білім деңгейі жақсара түсер еді. |
ru |