dc.description.abstract |
Мемлекеттің нарық субъектісі ретіндегі мінез-құлқындағы ең маңызды
айырмашылық-оның экономикалық қызығушылығы бүкіл қоғамның мақсаттарына жетуге
негізделген.Мемлекет әрқашан өз құқықтарын жүзегее асыра алмайды және өз
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, сондықтан көбінесе жеке кәсіпкерлікпен
айналысатын заңды немесе жеке тұлғалардың өз еркі арқылы мемлекеттің тауарларға,
жұмыстарға және қызметтерге деген қажеттіліктері қанағаттандырылады. Бұл процесс
мемлекеттік сатып алу процесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет тек
қаржыландыруды ғана емес, сонымен қатар жекелеген тауарлар мен қызметтерді өндіру
процесін тікелей ұйымдастыруды да өз мойнына алады. Мемлекеттік сатып алу аса
маңызды салаларды қамтиды, сондықтан мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру өзекті
мәселе болып табылады. Мақалада мемлекеттік сатып алу процесінің Қазақстан
Республикасында қалыптасуы мен ұйымдастырылуы,ерекшелігі мен жаңашылдығы
ашылып жазылған. |
ru |