Chamаnerion latifolium және Сircaea lutetiana l. өсімдіктерінің полифенолды қосылыстарының зерттелуі

Дата
2022-05-27ISBN
978-601-337-690-5Аннотации
Chamanerion latifolium және Circaea lutetiana өсімдіктері
Onagraceae L. тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктер. Жоғары
эффективті сұйық хроматограмма көмегімен өсімдіктің этилацетатты және
спиртті сығындылары бойынша полифенолды қосылыстары анықталды.
Chamanerion latifolium өсімдігінің спиртті сығындысы бойынша жапырағынан
3,5%, сабағынан 2,48% галл қышқылы, хлороген қышқылы 2,68% (жапырағы)
және 1,26% (сабағы), кверцетин 3-глюкозид 7,19% (жапырағы) және 2,23%
(сабағы) анықталды. Circaea lutetiana өсімдігі бойынша жапырағынан (спиртті
сығындысы) 1,51% және тамырынан 1,07% галл қышқылы, хлороген қышқылы
1,05% (жапырағы) р-кумар қышқылы 1,46% .
