Аннотации:
Бұл мақалада Gliocladium catenulatum саңырауқұлағының экстракттары
алынып, Солтүстік Қазақстанда кең таралған фитопатогенді Botrytis cinerea және
Fusarium oxysporum саңырауқұлақтарына антифунгальды қасиеті қарастырылды.
Зерттеу нәтижесінде ауруға ұшырамаған құлпынай тамырынан Gliocladium
catenulatum оқшауланды. Бұл микромицет-антогонист фитопатогендерге жоғары
антифунгальды белсенділігін көрсетті, басылу аймағы орта есеппен – 35±0,05
мм. Fusarium oxysporum фитопатогенінің антогонистке сезімталдығы Botrytis
cinerea-ға қарағанда жоғарырақ екені анықталды. Мысалы, Gliocladium catenulatum
саңырауқұлағының экстрактысы 30 рет сұйылтылған оңтайлы концентрациясы
әсерінен Fusarium oxysporum-дағы басу аймағы - 26±0,03 мм, ал Botrytis cinerea-да
24±0,03 мм құрады.
Gliocladium catenulatum продуцентінің қарқынды өсуі мен дамуы үшін оңтайлы
жағдай (өсіру ортасы, температура, көмірсуларды пайдалану, pH ортасы) беттік
культивирлеу әдісімен анықталды.