dc.description.abstract |
Мақала білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ
бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамыту жолдарын көрсетуге арналған.
Мақалада болашақ мамандардың «soft skills» дамыту мәселесі бойынша отандық және
шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасалды. «Soft skills» (икемді дағдылар)
түрлері мен олардың сипаттамасы берілді. Мақалада «Soft skills» дағдылардың келесідей
жіктелуі ұсынылды: қарым-қатынас қабілеті, шығармашылық, аналитикалық ойлау,
сыни тұрғыдан ойлау, икемділік, пайымдау және шешім қабылдау, өзін-өзі бақылау,
жоспарлау, зерттеу дағдылары, ақпараттық ортада – интернеттің цифрлық
ортасында жұмыс істеу дағдылары. Болашақ бастауыш педагогтерінің «soft skills»
дамыту жолдарын анықтау мақсатында 7М01301- Бастауышта оқыту педагогикасы
мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистрантарынан
алынған сауалнаманың мазмұны беріліп, оның нәтижесі сипатталды. Сауалнама
нәтижесі бойынша болашақ бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамытудың
жолдары анықталды. Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ
бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамыту жолдары: магистранттардың
білім беру бағдарламасына «Soft skills» дамыту технологиясы» таңдау пәнін еңдіру,
жұмыс берушілермен кездесулер өткізу, университет көлемінде байқаулар өткізу,
инновациялық әдістерді (тренинг, ментворкинг, жоба), веб-ресурстарды (цифрлық
және ақпараттық-коммуникациялық әдістер) қолдану. |
ru |