dc.description.abstract |
Ғылыми мақала психологиялық тұрғыда отбасы мәдениетімен тығыз
байланысты ата-ана бейнесі, жастардың өз ата-аналары туралы және өзінің ата-ана
ретіндегі көрінісі мәселелерін зерттеуге арналады. Ата-ана мінез-құлқының бала үшін
меңгерген үлгілері оң болуы үшін бала-ата-ана қарым-қатынасы эмоционалды және
рухани жақын болуы және ата-аналардың балаларға деген сүйіспеншілігі отбасылық
өмірдің басты құндылығы болуы тиіс. Мұндай жағдайда тәрбие баланың құқықтарын
құрметтеуге негізделген ата-аналар мен балалардың тең құқылы ынтымақтастық
сипатына ие болады, сондықтан мақалада зерттелінетін мәселелер зерттеудің
өзектілігін анықтайды.
Осы жұмыс аясында біз ата-аналардың бейнелері мен жас адамдардағы жеке ата-ана
туралы көріністерінің өзарабайланысын зерттеуге назар аудардық және теориялық
тұрғыда зерттеген көптеген авторлар болашақта жастардың ата-ана мен ата-ана
мінез-құлқына деген көзқарасты анықтайтын маңызды компонентті олардың атаана туралы көріністерімен, баланы тәрбиелеу процесіне байланысты эмоцияларымен,
сондай-ақ туылмаған баланың бейнесі және өзін әлеуетті ата-ана ретінде көрсетуімен
байланыстырады. Жастардың көріністеріне тәрбие процесін жоспарлайтын және
жүзеге асыратын жеке ата-ана әрекеттері, ата-ана жағдайындағы өмір салты, сондайақ жалпы ата-ана мінез-құлқы бейнелері кіреді
Екі ата-ананың (әке мен ананың) бейнелерін ескере отырып, мәселені эмпирикалық
зерттеу тұрғысынан жан-жақты қарастыруды ұйғардық.
Осыған байланысты зерттеудің мақсаты болған ұлдар мен қыздардағы осы бейнелер
мен ата-ана туралы көріністерінің өзарабайланысын зерттедік.
Нақты зерттеу барысында алынған нәтижелердің сенімділігі зерттеу пәні мен
мақсатына сәйкес келетін әдістемелерді қолдану арқылы алынған деректерге,
эмпирикалық мәліметтерге сандық және сапалық талдау жасау арқылы анықталады. |
ru |