Репозиторий Dspace

Заманауи педагогтердің мәдени құзыреттілігін дамыту ерекшеліктері

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Шолпанқұлова, Г.К.
dc.contributor.author Сұлтанова, Э.Ә.
dc.date.accessioned 2024-05-28T09:36:12Z
dc.date.available 2024-05-28T09:36:12Z
dc.date.issued 2024
dc.identifier.issn 2616-6895
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/14741
dc.description.abstract Мақалада педагогтердің «кәсіби мәдениеті мен құзыреттілігі» және «мәдени құзыреттілігін» дамытудың педагогикалық алғышарттары қарастырылады. «Педагогтердің мәдени құзыреттілігін» дамыту шарттарының маңыздысы - мәдени тұғыр негізінде үздіксіз білім беру болып табылады. Үздіксіз білім берудің оқу-тәрбие міндеттерін іске асыру мәдени тұғырға бағдарлануы тиіс. Себебі академиялық ортада мәдени-тілдік әртүрліліктің артуы «педагогтердің мәдени құзыреттілігі» мен «кәсіби құзыреттілік» деңгейін дамытуды талап етеді. Қоғамда орын алған білім беру жүйесінің мазмұндық өзгерісі әлем трендтеріне тікелей байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау, талдау және синтездеу, мәселелерді оңтайлы шешу қабілеті, күйзеліске төзімділік пен кәсіби икемділік еңбек нарығында сұранысқа ие негізгі дағдылар ретінде айқындалған. Құзыреттілік жүйе үлгісінің өзгеруі, интериоризация, инкультурация және әлеуметтендіру арқылы «мәдениет адамын» тәрбиелеу парадигмасына алмасуымен жүзеге асырылады. Құзыреттілік тұғырдың гуманистік сипаты мәселелерді оңтайлы шешу механизмін құруға мүмкіндік туғызса, мәдени тұғырдың ізгілендіру әлеуеті іс-әрекеттік бағытта кездесетін қиындықтарға тәуелді. «Педагогикалық мәдениет» пен «кәсіби құзыреттілік» категориялары тақырып синтезінде кездесетін құрамдас бөліктер ретінде терең талданады. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды. Педагогтер мен оқушылар арасында өткізілген сауалнамалар, кәсіби іс-шараларға бақылау, сын-есептер мен құжаттарға жасалған мониторингілеу кешені нақты қорытындылар жасауға септігін тигізеді. «Мәдени құзыреттілік» - мәдени білім, дағды және қойылған міндеттерді жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы, мәселені тиімді шешумен әлеуметтік және кәсіби іс-әрекеттің өнімділігін анықтау қабілеті деп түсіндіріледі. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар заманауи педагогтердің мәдени құзыреттілігін дамыту жолдарының бірі -педагогтердің біліктілігін арттыру деп тұжырымдайды. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject мәдени құзыреттілік ru
dc.subject педагогикалық мәдениет ru
dc.subject кәсіби құзыреттілік ru
dc.subject педагогтердің мәдени құзыреттілігі ru
dc.subject үздіксіз білім беру ru
dc.subject педагогтердің біліктілігін арттыру ru
dc.title Заманауи педагогтердің мәдени құзыреттілігін дамыту ерекшеліктері ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись