dc.description.abstract |
Қазіргі уақытта қаржылық тұрақсыздық, мемлекеттік ақша
қаражатының пайдаланылуын бақылау тақырыбы жоғары қоғамдық мәртебеге
ие болды. Қаржылық бақылау қоғамның мемлекеттік билік органдарының
қаржыны басқару және бөлу жөніндегі қызметі туралы шынайы ақпарат алуға
барлық сұраныстарының орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік басқару
жүйесінің, бірінші кезекте, бюджет қаражатын жұмсау саласындағы тиімділігін
арттыруға ықпал етеді. Негізгі мақсат – бюджет ресурстары шығыстарының
нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру.
Мемлекеттік аудит саласына мемлекеттік органдар мен олардың
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметіне функционалдық талдау,
стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, оларға қол жеткізу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды іске асырудың тиімділігін бағалау, көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің сапасы, сондай-ақ кадрлық, қаржылық, табиғи және
өзге де ресурстарды басқару, басқарушылық процестерді оңтайландыру
бойынша, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып қабылданатын шаралар жатады. |
ru |