dc.description.abstract |
Қазіргі таңда мемлекеттік аудит органдарындағы
процестерді цифрландыру өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Мақалада
«цифрлық экономиканың» әлеуметтік-экономикалық маңызын ескере отырып,
белгілі зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасай келе оның мемлекеттік сектор
қызметіне әсері талданды. Әлемдік цифрлық экономиканы дамытушы
көшбасшы елдердің үздік тәжірибелерін зерттеу – еліміздің мемлекеттік аудит
органдарының қызметін цифрландыру жолдарының бірі және бірегейі.
Мемлекеттік органдар қызметін цифрландырудың айрықша моделін
қалыптастырып келе жатқан Дания және Польша сияқты елдердің тәжірибесі
зерделене келе мемлекеттік аудит саласында цифрландырудың әлемдік
жағдайы мен бүгінгі Қазақстандағы ахуал салыстырылды. Дания және Польша
елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының қызмет бағыты,
құрылымы талданып қана қоймай, цифрландыруда орын алып жатқан
жетістіктері, мемлекетпен стратегиялық реттелуі зерттелді. Сондай-ақ,
мемлекеттік аудит органдарын цифрландыру процесінде туындайтын
қиындықтар мен мәселелер жоғарыда аталған мемлекеттер тәжірибесінде
қарастырылды. |
ru |