Аннотации:
Мақалада нақты уақыт режимінде смарт қаланың ТКШ ресурстарын
басқаруға арналған мультиагенттік жүйені әзірлеу принциптері сипатталған.
Мультиагенттік жүйе жұмыс процесінде туындайтын күтпеген оқиғаларға икемді
жауап беруге, ТКШ персоналы мен техникасының нақты уақыттағы жұмысын
жоспарлауға, оңтайландыруға және бақылауға мүмкіндігін береді. Сонымен қатар,
адаптивті ресурстарды жоспарлау әдісі, негізгі функциялары, архитектурасы және
жүйенің интерфейсі ұсынылған. Интеллектуалды жүйені енгізу арқылы жұмысты
оңтайлы уақытта орындауға мүмкіндігін беретіні көрсетілген.