dc.description.abstract |
Бұл мақалада жұлдыздар жүйесінің моделін жасау үшін зерттеулер жүргізіліп,
эволюцияны есептейтін бірнеше әдістері талданды. Модельді көрсететін программаларға
шолу жасалды. Жұлдыздар жүйесінің эволюциясын модельлеу үшін алдымен жұлдыздар
барынша зерттелді. Тақырыпты толыққанды түсіну үшін көптеген ғалымдардың зерттеулері
қарастырылды. Жұлдыздардың өмірі жалпы сутегі мен жұлдызаралық кеңістікті толтыратын
ұсақ қоспалардан тұратын молекулалық бұлттардан басталады. Гравитациялық күштердің
әсерінен бұлттардың қысылуы орын алып, тығыз ядролар түзеді. Осы ядролардың ортасында
ядролық синтез процесі басталады, егер қоршаған орта ыңғайлы болса, жаңа жұлдыз пайда
болады. Зерттеулерді қазір бірнеше аппараттық жүйелермен жүргізуге болады. Оның біреуі
Universe Sandbox программасы. Universe Sandbox - Giant Army баспасы меншікті
бағдарламалық құрал ретінде әзірлеген ғарыштық денелердің гравитациялық өзара
әрекеттесуі мен физикалық қасиеттерін модельдейтін интерактивті бағдарлама.
Қолданылатын физика заңдары ауырлық күшінің әсерін, деформацияны, заттардың жер
бетіндегі агрегаттық күйлерін, жұлдыздардың эволюциясын және басқа астрономиялық құбылыстарды нақты елестетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы уақытты, кеңістік параметрлерін басқара алады, модельдеу кезінде пайда болған және нақты планеталар, олардың серіктері, жұлдыздар, қара құрдымдар, галактикалар сияқты объектілерді өңдейді және қосады. |
ru |