dc.description.abstract |
Тарихи-этнографиялық деректерге сүйене отырып жазылған бұл мақалада, көшпенділердің жауынгерлік дәстүрі мен соғыс жүргізу тактикасы жайлы айтылады. Бүгінгі қазақ әскери
өнерінің нақтылы жүйеде дамып, тұрақты жетілген жүйесі ретінде және мемлекетіміздің құрылған
уақыты, дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі жауынгерлік өнердің жетілген уақыты осы қазақ хандығының кезеңінен басталатындығы жөнінде баяндалады. Қазақ этно-мәдениетінде қару-жарақ тек
соғыс құралы ретінде ғана емес, басқада символдық қызметінде пайдаланылған. Мысалы, статустық белгі ретінде қызмет атқарғанын Бұқар жырау жырларынан кездестіреміз. Найзаның ұшы алтын болса, – билік басы, би басы дегенді білдірді. Найзаның ұшына байрақ тағу қай елдің батыры
екенінен мәлімет берді. Найзаның басына қара шашақ тағып, төмен түсірсе, ел басшысынан айырылды деген мағынаға ие болған. Жалпы, мақала желісі оқырманға қазақ хандығы тұсындағы әскери өмірді қысқаша мазмұндап жеткізуді алдына мақсат етіп қойды. |
ru |