dc.description.abstract |
Мақалада ХІХ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесіндегі мәдениет саласы – соның ішіндегі, кітапхана ісінің ұйымдастырылуы, қазақ қоғамын зерттеумен
айналысқан орыс және татар интелегенциялар тобының құнды мәліметтері туралы ой көтерілген.
Сонымен қатар, қазақтың ағартушы ғалымдары білім саласын бірізділікке салуда Орынбор және
Қазан қаласының баспаханаларынан шыққан кітапхана қорларын кеңінен пайдаланғандығы жөнінде сөз қозғалған. Кітап санының артуына жеке баспаханаларда өз үлесін қосқандығы жөніндегі нақты мәліметтер арқылы келтірілген. Біраз кітапханалар қараусыз қалып, кейін талан-таражға
түссе де, оны сақтап қалуға тырысқан қазақ зиялы топтарының еңбегі тарих беттерінде сақталған.
Білім және мәдениет саласының жандануын қолға алу нәтижесінде қазақ өлкесінің көрші елдермен
мәдени-экономикалық байланысын нығайтып қана қоймай, халыққа рухани азық бергендігі деректер арқылы дәлелденген. |
ru |