dc.description.abstract |
Бұл мақалада ХІІІ ғасырдың бас кезінде Алтай мен Ханғай тауларын мекен еткен
Найман қағанаты мен Байқалдың оңтүстігін мекендеген меркіттердің өзара одақтасып, Шыңғыс
хан шапқыншылығына қалай қарсы тұрғандығы және олардың Моңғол қосындарынан жеңілгеннен
кейінгі кездегі бет алған маршруттары зерттеледі. Мақалада автор Қытай тарихшысы Су Бэйхайдың меркіттер мен наймандар моңғол қолынан жеңілгеннен кейін, Алтай тауының және Жоңғар
ойпатының шығысы арқылы Идіқұт мемлекетіне қарай көшті деген көзқарасын теріске шығарады.
Өйткені, Шыңғыс ханнан жеңіліп, Батыс Алтайға қарай ығысқан наймандар мен меркіттердің қайтадан Ертісті өрлеп, моңғолдардың қоластында қалған Шығыс Алтайға қарай көшуі мүмкін емес
болатын. Сол негізде, тарихи деректерге сүйене отырып, наймандар мен меркіттердің Батыс Алтайдағы Бұқтырма өзені мен Ертіс өзенінің тоғысар тұсында Моңғол қолынан жеңілгеннен кейін,
Қалба, Тарбағатай таулары мен Жоңғар ойпатының батыс шеті арқылы Идіқұт мемлекетінің шекарасына қарай көшіп барғанын дәлелдейді. Сондай-ақ, бұл екі этностың 1218 жылы Шыңғыс хан
Орта Азияны жаулағанға дейінгі тарихы, этно-мәдени қатынастары, мемлекеттілік дәстүрлері де қарастырылады. |
ru |