dc.description.abstract |
Мақалада Қазақстан мұсылмандарының шариғат нормаларында ұстанатын
Ханафи мәзһабы және оның истихсан методологиясына талдау жасалады. Истихан –
қажеттілік немесе зәрушілік жағдайға байланысты діннің жалпы үкіміндегі жекелеген
дәлелдік тәсілдің атауы. Истихсан дәлелдік тәсілінің қазіргі қоғамдық қарым-қатынастағы заманауи мәселелерге оңтайлы үкім берудегі рөлінің ерекше екендігі дәйектеліп,
діни мәселелерді реттеуге бағыт-бағдар көрсетіледі. Сонымен қатар, шариғаттағы истихсанның дәлелдік орны, оның түрлері қарастырылып, бүгінгі қазақ қоғамының тарихи-идеологиялық тұтастығын нығайтып, адамзат бауырластығын күшейтуге ықпал
ететін әлеуеті дәлелденеді.
Истихсан – қоғамның немесе заманның шарттары ислам дінінің талаптарына лайық
өмір сүруге қиындық тудырған жағдайда шығар жол табуға, мүмкіндіктер жаратуға
негізделген дәлелдік дәйектің бір түрі. Бұл дегеніміз настың (Құран, сүннеттің) шекарасынан шығып кету дегенді білдірмейді. Бәлкім, нас, ижмәғ және қиястың сыртқы
үкімін алмай, жалпы қағидадан ауытқып, қажеттілік негізінде өзгеше үкімнің шығуына
түрткі болу.
Истихсан – ислам ғұламаларының, әсіресе, Ханафи мәзһабы ғалымдарының дәлелдік дәйектерінің бірі. Сондай-ақ, ғұламалар, истихсанды «Құран истихсаны», «Сүннет истихсаны», «Ижмәғ истихсаны», «Әдет-ғұрып истихсаны», «Зәрушілік истихсаны» және
«Қияс истихсаны» сияқты бірнеше түрге бөліп қарастырады. Яғни, истихсан және өзге
де дәлелдік дәйектердің негізінде көрініс табатын дәлелдік құрал. |
ru |