dc.description.abstract |
Қазақ ұлт руханиятының заңғар биігі Хакім Абайдың ұлттық мәдениеттен әлемдік мәдениетке дейінгі жолы мен даналық қазынасы тіл, әдебиеттану, философия, тарих, психология, әлеуметтану т.б. қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласында
зерттеліп келеді. Бұл мақалада Абайдың қазақ руханиятын әлемдік деңгейге көтере
алған қуаттылығы мен оның шығармашылығының қалыптасуына, өсуіне, жетілуіне
негіз болған қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы жадында, санасында сақтап келген
рухани мәдениеті, Шығыс халықтарының дана-ақындары мен орыс халқы арқылы Еуропа мәдениетіне кірігуі туралы айтылады.
Қазақ мәдениетін байытып, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалауда өшпес жол салған,
Хакім Абайдың шығармаларында ұлттық болмыс, қазақтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетаным, мінез, дін, діл, тіл мен рух тәрбиесінің мәселелері сипатталып, қазіргі өскелең
ұрпақ үшін баға жетпес мұра боп келеді.
Бәрімізге белгілі Абайдың негізгі қарастырған, суреттеген нысаны – адам, яғни толық
адам деңгейіндегі тұлға. Сол тұлғаның эстетикалық, этикалық талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ғұлама-ойшылды терең тебіреніске түсірген. Сондай-ақ, Абай өлеңдері философиялық, күрескерлік қасиетке бай. Ол, ең алдымен, қазақтың бай ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар
жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. Мақалада Абай мұрасының құндылығы оның шығармашылығымен тығыз байланыстырылған. |
ru |