DSpace Repository

Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі Жошы Ұлысы тарихының зерттелуі

Show simple item record

dc.contributor.author Шакиева, Айсауле С.
dc.date.accessioned 2023-06-08T09:41:31Z
dc.date.available 2023-06-08T09:41:31Z
dc.date.issued 2022
dc.identifier.issn 2616-7255
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/2112
dc.description.abstract . Мақалада Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелердің бірі ортағасырларда еліміз территориясында өмір сүрген мемлекеттердің бірі Жошы Ұлысы тарихына байланысты еңбектерге тарихнамалық зерттеу жасалынған. Оның ішінде, басты мәселе ретінде Кеңес мемлекеті құлағаннан кейін қазақтың зерттеушілері тақырыпқа қатысты еңбектеріндегі тұжырымдамалық өзгерістер мен жаңа көзқарастарға баса мән берілген. Автор ғылыми еңбектерді талдай келе, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ тарихнамасын екі кезеңге бөліп, пікірлердің өзгеру динамикасы мен жаңа деректер мен ойлардың пайда болу эволюциясын көрсетеді. Аталмыш тақырыптың академиялық ортада талқыланып, кейін мемлекеттік дәрежеге көтерілуіне дейінгі талдай келе, жанжақты сараптама жасады. Назар аударатын жағдай, тарихшылар зерттеулеріндегі Жошы Ұлысы тарихындағы өзекті тұстарын, кейінгі ғасырларда қалыптасқан Қазақ хандығымен байланыстырады. Мақаланың негізгі дерек көздері осы кезеңде жарияланған еңбектер мен мақалалар болып табылады. Автор Жошы Ұлысы тарихын зерттеудегі бірегей парадигманы соңғы отыз жылдағы отандық зерттеушілердің еңбектерінен іздестіріп, қазіргі кездегі тақырыпты зерттеудің барысы мен дәрежесі айқындауға ұмтылады. Жұмыста Жошы Ұлысы тарихына қатысты жаңа теориялық идеялардың топтамасы қазақтың зерттеушілерінің еңбектерін талдау арқылы суреттеледі. Оның ішінде, қазіргі ортағасыр тарихының зерттеу нысанындағы маңызды өзгерістерді қажет ететін тұстары, соның ішінде жаңа «Жошы Ұлысы» тұжырымдамасының қалыптасуы көрсетіледі. Автор мақаланы жазу барысында «Қазақстан Алтын Орданың (Жошы Ұлысының) мұрагері» деген жаңа тұжырымдаманың қазақстандық ғалымдардың қолдап, жаңа бір деңгейге көтерілу үдерісі белгілі бір дәрежеге мемлекеттер сабақтастығын уағыздауда зор серпін берді деп қорытынды жасайды. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject Жошы Ұлысы ru
dc.subject тарих ru
dc.subject отандық тарихнама ru
dc.subject Тәуелсіз Қазақстан ru
dc.subject қазақ хандығы ru
dc.subject көптомдық ru
dc.title Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі Жошы Ұлысы тарихының зерттелуі ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account