dc.description.abstract |
Бұл мақалада қазақ философиясындағы білімді адам және адал азамат
концепциясын аша отырып, қазіргі қоғамда «Білімді адам» «Адал азмат» деген кім? Оның
бойында қандай қасиеттер бар? Қазақ философиясындағы «Білімді адамжәне адал азамат»
қандай? деген сұрақтарға жауап беріледі. Сондай-ақ Абай мен Шәкәрім ілімдерінің ХХІ
ғасырмен байланыстыра отырып зерттеу қарастырылды. Шәкәрімнің "Ар Ілімі", ұлттық
мәдениетіміздің даму өзегінің бірі ретінде қарастырылды. Абай философиясы аясында «Толық
адам», «Жақсы кісі» концепциялары қарастырылды. Абайдың арманындағы толық адам –
біліммен, ғылыммен және дінмен ұштасып дамып, жетілген адам. Адамзат өркениетінде
рухани тұрғыда жақсы қасиеттерді – ғылым, білім, қайраткерлік,адалдық, азаматтық,
адамгершілік құндылықтарды бойында жетілдірген адам. Толық адам ілімі – қазақтың ұлттық
санасын оятып, дана халқымыздың рухани жаршысы болып табылады. |
ru |