Аннотации:
Терроризмге қарсы дискурста «радикалдану» термині кеңінен қолданылады, бірақ әлі
анық емес. Бұл жұмыста біз тұтастай «діни радикалдану» үдерісіне лайықты анықтама мен
сипаттама беруге тырысамыз. Діни терроризм феномен ретінде жаңа құбылыс емес, оның
шығу тегі көне дәуірге жатады, осыған ұқсас көріністер әртүрлі ежелгі ұлттардың
культтерінде де тіркелген. Бірақ қазіргі уақытта бүкіл әлемде діни терроризм немесе
экстремизм терминдерін ислам әлеміне тиесілі етіп көрсетіліп отыр. Осы мақалада ислам
бағытындағы радикалды топтардың шығу себептері мен салдарын ашып көрсетуге
тырысамыз.