Аннотации:
Ежелден бері, әр дәуірде адамзаттың көп бөлігі белгілі бір дінге сеніп келгендігін тарих
бетіне зер салған адам көре алады. Ол діндер өз заманында көптеген қоғам проблемаларын
шешкенімен уақыт өте келе түрлі өзгеріске ұшырау салдарынан қоғамға кері әсерін де тигізіп
жатты. Ал, көп жағдайда ол діндердің өзгеріске ұшаруына себеп болатын нәрсе
тақырыбымызға себеп болып отырған қасиетті жазбалардың түп нұсқалары сақталмай,
аудармалардың санқилылықтары болатын. Осы мақалада Құран Кәрімді басшылыққа ала
отырып, қасиетті саналатын басқа да жазбалардың аудармаларына қаншалықты сүйенуге
болатындығына немесе қандай мәселелерде сүйеніп, неден сақтану керектігіне тоқталдым.