Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
  • Выпуск 2023, №1 (142)
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
  • Выпуск 2023, №1 (142)
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

Қазақтың күнделікті мәдениетіндегі емшілер типологиясы және емдеу тәжірибелері: мәдени антропологиялық талдау

Thumbnail
Автор
Ермагамбетова, Құралай С.
Атанакова, Қарлығаш М.
Дата
2023
Редактор
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ISSN
2616-7255
Аннотации
Қазіргі қоғамда халық емшілігі туралы әртүрлі дискурстар бар. Ғылым тұрғысынан, әсіресе, академиялық медицина тұрғысынан халық емшілігі заманауи емдеу хаттамасына сай келмейтін тәжірибе. Дегенмен, академиялық шығыс медицинасында халық емшілерінің кейбір тәжірибелері үйретіледі, оқытылады. Ислам діні тұрғысынан білімі жоқ адам емдеу жүргізуге хақы жоқ, соның ішінде халық емшілігімен айналысуға тыйым салынады. Этнография, антропология тұрғысынан халық емшілігі халықтың ұлттық мәдениетті, мұрасын, құндылықтарын, болмысын, тұрмысын, білімін сипаттайтын дәстүр. Мақалада қазіргі Қазақстанның күнделікті мәдениетіндегі халық емшілігінің тәжірибелеріне талдау жасауға тырыстық. Алдымен қазақтың халық емшілігінің қалыптасу тарихына ретроспективті талдау жасау арқылы қазақ емшілігінің қалыптасу тарихына және оның қытай, тибет, үнді, араб емшілігімен байланысын анықтадық. Мақаланың теориялық-әдістемелік негізін жасауда этнографиялық, мифологиялық дерекөздерге, емшілердің еңбектеріне сүйендік. Аталған материалдардың негізінде халық емшілерінің типологиясы жасалды. Халық емшілері үш типке бөлінді: рухани, тәндік және магиялық. Рухани емшілер тәжірибесі ежелі наным-сенімдермен және дінмен байланыстырылса, тән емшілері халықтың күнделікті тұрмыстық тәжірибесімен, салт-жоралғыларымен байланыстырылды. Магиялық емшілердің тәжірибесі магиялық әрекетпен, тылсым күшпен ұштастырылды. Қазақ халқының емшілігін зерттеуге деген қызығушылық Қазақстанның «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» мемлекеттік бағдарламаларымен байланыстырылады. Өйткені, мақалада халық емшілігі қазақ халқының мәдени мұрасы, рухани құндылығы, ұлттық коды, мәдени бірегейлікті қалыптастыратын және сақтайтын құрал ретінде қарастырылады. Күнделікті мәдениеттегі халық емшілігінің тәжірибесі «Қазақстан халық емшілігі ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестіктің заңнамалық ережелеріне бағынады және бақыланады. Қазақ халық емшілігі құпияға толы. Оның түрлері әлі толыққанды зерттелген жоқ. Қазақтың халық емшілігін зерттеу ғылымға қосылатын үлкен үлес деп білеміз.
URI
http://rep.enu.kz/handle/enu/2161
Открыть
Ермағамбетова.pdf (406.4Kb)
Collections
  • Выпуск 2023, №1 (142)[11]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты