Аннотации:
Берілген ғылыми мақалада қонақүйді басқару мәселелері Астана қаласында
орналасқан «Astana Saad Hotel» қонақ үй мысалында қарастырылған. Заманауи қонақ үй
кешенін басқару жүйесін ұйымдастыру негіздері мен отельді басқарудың әдістері, атап
айтқанда экономикалық, ұйымдық-әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық және инновациялық
әдістері, осы әдістердің теориялық аспектілері қарастырылған.
«Astana Saad Hotel» қонақ үй кешені мысалында басқарудың негізгі тәсілдері мен оның
қолданыстағы жүйесінің әлеуеті бағаланған. Мақаладан «Astana Saad Hotel» қонақ үйінің
қызметкерлері қолданатын әдістерін, қонақтардың ұсынылған сервистен қаншалықты
қанағаттанғанын және оған басқару әдістері қалай әсер еткенін көруге болады.