dc.description.abstract |
Осы ғылыми зерттеудің мақсаты көлік және логистика саласындағы
қызметтер экспортының әлеуетін талдау, экспортқа әсер ететін факторларды анықтау және
жоғары технологиялық экспорттың үлесін ұлғайту мақсатында Қазақстан үшін даму
стратегияларын негіздеу болып табылады. Жүйелік тәсіл, логикалық талдау, салыстыру,
аналогия, абстракция, типология, жалпылау және нақтылау сияқты әртүрлі жалпы ғылыми
зерттеу әдістері қолданылады. Талдау арқылы қызметтер экспортының құрылымында көлік
қызметтері басым екендігі анықталды, жүк тасымалы, әсіресе теміржол қызметтері
айтарлықтай үлесті алады. Көліктің әртүрлі салаларында және Қазақстанның көлік
компанияларының қызметтерін импорттаушы елдерді ескере отырып, жүк тасымалдарын
дамыту проблемалары талданады. Транзиттік тасымалдар үшін өткір бәсекелестік және
Еуразия аймағында халықаралық саяси-экономикалық бәсекелестік жағдайында көлік
қызметтерін экспорттауға бірнеше кедергілер бар екені анықталды. Қазақстанның көліклогистикалық қызметтерін экспорттауда қиындықтар туғызатын ұйымдастырушылық және
техникалық аспектілер бөлінді. Инфрақұрылымды жақсартуды, қызметтер кешенін ұсынуды
ескере отырып, көліктің барлық түрлеріндегі операцияларды оңтайландыруды, бәсекеге
қабілетті тарифтерді ұсынуды және көлік дәліздері бойында қызмет көрсету сапасын
арттыруды қоса алғанда, осындай қызметтер экспортын дамыту бағыттары негізделген. |
ru |