Аннотации:
Мақалада Қазақстанда электромобильдерді пайдалану кезіндегі туындауы
мүмкін мәселелер қарастырылады. Жұмыста бензинді автомобильдердің электромобильдер
алдындағы кемшіліктеріне, электромобильдердің ерекшеліктері мен артықшылықтарына,
сондай-ақ электр машиналарының тенденциясын қолдаудың әлемдік саясатына талдау
жасалды. Электр көліктерінің санын көбейтудің негізгі тежейтін факторлар мен қызмет
көрсету инфрақұрылымы мәселелері қарастырылып, зарядтау станцияларының белгілі бір
түрлерін таңдау себептері келтірілген.