dc.description.abstract |
Әр мемлекеттің дамуына ықпал ететін басты міндеттерінің бірі-табиғи ресурстарды
тиімді пайдалану. Бұл тұрмыстық қалдықтарды, сонымен бірге әр сала өндірісінің
қалдықтарын басқару бойынша тиімді жүйелерді құру арқылы жүргізіледі. Қалдықтарды
қайта өңдеу технологияларын дамыту арқылы, энергия өндіруге бағытталған өнеркәсіптік
объектілерді құру қажеттілігін қалыптастырады. Мақалада, қалдықтарды өңдеудің тиімді
технологиясы, энергия өндіруге ықпалын тигізетін технология, яғни қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша зауыттарды дамыту мәселесінің өзектілігі қарастырылған. Қалдықтарды
қайта өңдеу шеңберінде қарастырылған технология өзімен бірге жылу және электр
энергиясын алып келетіндігі және процесстің беретін тиімді тұстары баяндалады. Сол
бойынша «Термоселект» технологиясы қарастырылып, оның экологиялық жағынан беретін
әсері көрсетілген. Қазақстан бойынша өндірісте немесе тұрмыстық қалдықтар мөлшерінің
сипаты жасалған. |
ru |