Аннотации:
Тұрақты экономикалық өсуді және кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз
етуде инвестициялық қызметті қаржылық реттеу басты рөл атқарады. Қазақстан
Республикасында экономика шетелдік және отандық инвестицияларды тарту негізінде дамып
келеді, сондықтан қаржылық реттеудің мемлекеттік құралдары компаниялардың шаруашылық
қызметін басқарудың маңызды механизміне айналуда. Бұл мақалада Қазақстандағы
компаниялардың инвестициялық қызметін қаржылық реттеудің негізгі құралдары
қарастырылады, оның ішінде құқықтық, әкімшілік және экономикалық.