КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотации
Құрылыс саласы қазіргі Қазақстанның экономикалық даму стратегиясында
маңызды рөл атқарады. Ол халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, тұрғын үй құрылысын
дамытуға және өндірістік инфрақұрылымды жаңартуға әсер етеді. Алайда, индустрия көптеген проблемалармен бетпе-бет келуде, олардың шешімінде мемлекеттік қолдаудың және
қаржыландырудың маңызы зор. Мақалада құрылыс индустриясының мәселелері, мемлекеттік
қаражаттың тиімді пайдалануы, құрылыс материалдарының бағасының өсуі мен импортқа
тәуелділігі, сондай-ақ нарықтық бағалар мен сметалық бағаларды реттеу мәселелері
қарастырылады.

