Аннотации:
Қазіргі уақытта психологиялық әл-ауқат мәселесін зерттеу
маңызды болып табылады. Себебі, адамның психологиялық әл-ауқаттылық
күйі оның жалпы өміріне, көңіл-күйіне, іс-әрекет барысы мен нәтижелеріне
тікелей әсер етеді. Осы орайда мақалада психологиялық әл-ауқатты зерттеуге
арналған бірқатар ғылыми бағыттар айқындалады, осы мәселені зерттеген
бірнеше ғалымдардың негізгі тұжырымдары мен ой-пікірлері келтіріледі.