dc.description.abstract |
Мақалада мәдениеттегі менеджмент және халықаралық мәдени кеңістікте интеграциялану мәселесі
бойынша ғылыми және тәжірибелік зерттеу жұмыстары қарастырылған. Қазіргі жаһандану заманында
ұлттар мен елдер арасындағы достық пен сыйластық, өзара ынтымақтастық жолға қойылып, ең алдымен, мәдени байланыстарды білім арқылы орнатып, мәдени қарым-қатынастың тамырын тереңдету
маңызды қадамдардың бірі. Мәдениеттердің заманауи интеграциялануы барысында қалыптасатын
жаһанданған мәдениеттің негізгі сипаттары ретінде осы мәселені зерттеушілер мәдениет құбылыстары мен феномендерін қамтитын белгілі бір кеңістіктегі масштабты қарастырады. Жаһандану жағдайындағы қазақстандық мәдениет менеджментінің сәтті интеграциялық процестерге енуі үшін арнайы
стратегиялық қадамдар анықталып, мемлекеттік деңгейде тиісті нормативті-құқықтық шаралар қабылдануы маңызды. Мақаланың басты мақсаты мәдениеттегі менеджмент және халықаралық мәдени
кеңістікке интеграцияланудың әсерін, әрі маңыздылығын жеткізу. Кез келген мемлекет өз кезегінде
өздеріне тиесілі құндылықтарды қорғауға үлкен назар аударады, себебі мемлекеттік тұрғыдан басқа
институттардың дәл осы мәселелерді шешуге деген құзырының жоқ екендігін түсінеді. Келешек бүгіннен құралатынын ескерсек, осы саланың қарқын алуы біздің қолымызда, ал тиімді басқару өз кезегінде болашақта елді рухани тұрғыдан бекітіп қана қоймай, экономикалық қазынасы ретінде ілгері
жүруімізге түрткі болатын, әділетті Қазақстанды құрайтын бірден бір құралы екенін анықтаймыз. Мәдениеттегі менеджмент саласының басты құзыреті республика көлемінде мәдени іс-шаралар жоспарын ұйымдастырып қана қоймай, мәдени құндылықтарды насихаттауы заңды құбылыс. |
ru |