dc.description.abstract |
2020 жыл дүние жүзін, соның ішінде Қазақстанды дүр
сілкіндірді. Оның басты себебі COVID-19 пандемиясы еді. Психологиялық,
физиологиялық күйзеліске түсірген бұл дерт түрі адам шығынына әкелді. Өлім
жітім статистикасы күрт артты. Мемлекеттің барлық салалары оффлайн
форматтан онлайн форматқа трансформацияланды. Қазақстанда пандемияның
зардабынан туған дағдарыс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Әсіресе
экономикалық, әлеуметтік, өндірістік саласы. Біздің қарастырып отырғанымыз
әлеуметтік сала. Халық жағдайы. Атаулы мақалада біз ғылыми тұрғыдан бақылау жүргіздік. Зорлықзомбылықты дәріптеуде масс-медианың орны қандай, кемшіліктері мен тиімді
тұстарын сараптадық. БАҚ-та тұрмыстағы зорлық-зомбылық тақырыбының
қамтылуы, қаншалықты оң нәтиже бергендігін байқадық.
Сандық технологиялар дамыған заманда ақпарат көзінің өзекті, әрі құнды
құрал екендігін түсіндік. Ал оны игеретін кәсіби маман, халыққа насихаттайтын
журналистер қауымы жауапкершілікті сезіне ме? Кикілжің тақырыпты қалай
қозғау керек? Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алмаса оның нәтижесі
қандай болмақ? Осы тектес сұрақтарға жауап іздейтін боламыз. |
ru |