Аннотации:
Мақалада «Көкшетау» МҰТП аумағында сирек кездесетін
Dactylorhiza fuchsii (Druce) Soó (Orchidaceae) түрінің 6 ценопопуляцияларының
(ЦП) зерттеу нәтижелері көрсетілген. D. fuchsii өсімдігінің көктерек-қайыңды
орманда, бұталы-шөпті қауымдастықтарда кездесетіні анықталды. Dactylorhiza
fuchsii (Druce) Soó ценопопуляцияларындағы морфометриялық параметрлері
– сабағының ұзындығы, гүлшоғырының ұзындығы, бірінші жапырақтың көрсеткіштері көрсетілген. Ценопопуляциялардағы түрдің көпшілігі жас және
өзін-өзі жаңартуға қабілетті екендігі анықталды. Ең құрғақ жағдайда өсетін
№1 ценопопуляция жетілу және өтпелі кезеңінде. D. fuchsii кейбір морфологиялық параметрлерінің өзгергіштігі мен икемділігі қарастырылады. Белгілердің
өзгергіштік құрылымы анықталды. Генеративтік дарақтардың морфометриялық белгілерін талдау барысында ең биік өсімдіктердің көктерек-қайыңды
және қарағай-қайыңды ормандарда өсетіні анықталды. Зерттелген ЦП белгілерінің өзгергіштігіне баға беріліп, максималды өзгергіштікті сабақ ұзындығы (55%), ал D. fuchsii генеративтік дарақтарының ең аз өзгермелі белгілерін
гүлшоғырының ұзындығы мен бірінші жапырақтың ені (7 және 3,6%) көрсетті.
Белгілердің өзгеруінің жоғары дәрежесі байқалады. Ценопопуляцияны бақылау екі жыл ішінде жүргізілді (2021-2022). №1 ЦП қанағаттанарлық күйде, ол
генеративтік дарақтардың жоғары үлесі мен максималды тығыздығына байланысты. D. fuchsii №2 және №3 ценопопуляциялары жағдайының жойылып
кету қаупі бар және сақтауға мәжбүр деп бағаланады. Зерттеу нәтижелері
бойынша D. fuchsii өсімдігінің барлық ЦП үшін популяциялардың жағдайын
бақылауды жалғастыру ұсынылады.