dc.description.abstract |
Мемлекеттік аудиттің маңыздылығы халықаралық деңгейде күннен күнге артып, онсыз елдің дамуын елестеті мүмкін еместей болып барады. Себебі, мемлекеттік аудиттің арқасында өзекті мәселелерге қатысты тексерістер жүргізіліп, қателіктер, бұзушылықтар анықталып, олардың алдын алу мүмкін. Ал бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға кеңестер беру әр елдің ЖАО-ның міндетінің бірі болып табылады. Сондықтан, бұл мақалада мемлекеттік аудит органдарын біріктіретін басты ұйым INTOSAIға мүше мемлекеттердің ЖАО-ның тәжірибесі қарастырылды. Соның ішінде, қазіргі таңда өзекті аудит түрі келісілген аудитті зерттеп, Австралия, Ресей, Украина және Қазақстанның тәжірибелеріндегі өзгешеліктерге тоқталдық. Келісілген аудитке анықтама беріп, елімізде қолданыстағы келісілген аудит түрлерін қарастырдық. Нәтижесінде, Австралия мемлекетінің кемшіліктерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынып, басқа ел тәжірибелерінен елімізге енгізуге болатын жақтарын ұсындық. |
ru |