Аннотации:
Бұл мақала қытай лингвистикасының басқа тілдермен байланыстарын жан-жақты зерттеуге арналған.
Зерттеу қытай тілінің басқа тілдермен қарым-қатынасының тарихи аспектілерімен қатар қазіргі өзара әрекеттесуін де
қамтиды. Жаһандану әсерінен қытай тілінің лингвистикалық жағынан мәдени алмасуларына және эволюциясына, тілдегі
кірме сөздерге ерекше назар аударылады. Мақала сонымен қатар екі жақты әсерді талдайды: бір жағынан, қытай тілі
басқа тілдердің элементтерін алу арқылы қалай бейімделеді және өзгереді, екінші жағынан, Қытай лингвистикасы
әлемдік ғылыми қауымдастыққа қалай әсер етеді. Жұмыс жаһандық тілдік көрініс контекстінде Қытай
лингвистикасының дамуына ықпал ететін негізгі факторларды анықтауға, сондай-ақ оның басқа тілдік жүйелермен одан
әрі өзара әрекеттесу перспективаларын анықтауға бағытталған.