REPOSITORY.ENU

«Құпия шежіре» – Орталық Азия көшпелілерінің мәдени мұрасы

Show simple item record

dc.contributor.author Шамахай, Сайра
dc.contributor.author Божбанбаев, Бауыржан
dc.contributor.author Саркулова, Манифа
dc.date.accessioned 2025-06-09T17:28:45Z
dc.date.available 2025-06-09T17:28:45Z
dc.date.issued 2024
dc.identifier.issn 2616-7255
dc.identifier.uri http://repository.enu.kz/handle/enu/24186
dc.description.abstract Мақалада ХІІІ ғасырда жазылған «Құпия шежіренің» Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінде алатын орны, бүгінгі күнге жету жолы, өзіне дейінгі және кейінгі сабақтастығы негізінде маңызды тұжырым жасалды. «Құпия шежіре» әлемге аты әйгілі билеуші Шыңғыс ханның VIII ғасырдан бергі ата-тек шежіресі мен өз дәуірінің тарихи оқиғалары өзінің нұсқауымен қағазға түсе бастап, 1240 жылы тақ мұрагері Өгедей ханның тұсында аяқталған. Шежіре ортағасырлық көшпелі түркілер тарихында орын алған мәдени, рухани, әлеуметтік, саяси құбылыстар, олардың дүниетанымы, ру аралық қатынастары мен ел билеген тұлғалары туралы мәліметтерді қамтуымен құнды. Мақалада «Құпия шежіре» мәтініндегі ішкі байланыс, контекстік элементтер, шежіренің қайнар көзі болған түркі халықтарының дастан, тарихи құжаттармен байланысы талданды. «Құпия шежіредегі» генотеизмге, бастапқы ата-тек Бөрте-Чиноның түркі халықтарының ортағасырлық тарихындағы Бөрте-Шене тұлғаларына аналогиялық тұжырым жасалды. Шежіредегі бастапқы негізгі мәліметтер Шыңғыс хан дәуірінен кейін тақ мұрагерлері арқылы тарап, олардың Орталық Азияның әр тұсында билік еткен жерлерінде мазмұн, мотивтері ұқсас көптеген шежірелердің тууына ықпал еткенін көрсетеді. Сондықтан да бұл мақалада «Құпия шежіренің» өзіне дейінгі Ұлы Далада өмір сүрген түркілердің рухани мұраларымен сабақтастығы мен кейінгі шежірелерге ықпалы зерделене отырып «Құпия шежіре» Орталық Азия халықтарына ортақ мәдени мұра ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижелері Орталық Азияның мәдени мұрасын сақтау контекстінде «Құпия шежірені» түбегейлі зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Мақала қазақтың мәдени мозаикалық ландшафтын қалыптастырудағы «Құпия шежіренің» рөлін ескере отырып, бұл шежірені түпнұсқалық тұрғыда терең талдауға шақырады. ru
dc.language.iso other ru
dc.subject Құпия шежіре ru
dc.subject генотеизм ru
dc.subject түркілер ru
dc.subject тұлға ru
dc.subject мәдени мұра ru
dc.subject сабақтастық ru
dc.title «Құпия шежіре» – Орталық Азия көшпелілерінің мәдени мұрасы ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account