Аннотации:
Баяу кокстеу қондырғысының негiзгi ректификациялық колоннасы
мысалында күрделi формализацияланатын, айқынсыздықпен сипатталатын технологиялық
нысандардың жұмыс режимдерiн басқару бойынша шешiм қабылдау есебiнiң математикалық
қойылымы тұжырымдалған. Бұл ректификациялық колоннаның жұмыс сапасын
бағалайтын критерийлер мен оларға әсер ететiн колоннаның кiрiс, режимдiк параметрлерi
және оның өнiмдерiнiң сапа көрсеткiштерiне қойылатын айқын емес шектеулер
анықталған. Квазимаксимин және идеалды нүкте оптималдық принциптерi комбинациясын
айқынсыздыққа модификациялау арқылы айқын емес ортада шешiм қабылдау есебi
тұжырымдалып, оны шешу үшiн эвристикалық тәсiл ұсынылған. Бұл тәсiлдеме негiзiнде
бастапқы ақпараттың қолжетiмдiгi мен өндiрiсте орын алған жағдайға байланысты басқа
оптималдық принциптерi мен олардың комбинациясын айқынсыздыққа бейiмдеп, шешiм
қабылдау есептерiн тұжырымдауға, оларды шешу эвристикалық тәсiлдерiн жасақтауға
болатыны негiзделген. Ұсынылған тәсiл айқынсыздықта өндiрiстiк есептердiң тиiмдi және
адекваттығы жоғары шешiмдердi қабылдауға мүмкiндiк бередi. Айқын емес шектеулерi бар
шешiм қабылдау есебiн шешуге ұсынылған эвристикалық тәсiлi адам-оператор-компьютер
арасында ақпарат алмасу арқылы шешiмдi жақсартуға негiзделген итеративтi тәсiл болып
табылады. Соңғы тиiмдi шешiмдi шешiм қабылдаушы тұлғамен өндiрiсте және нысан
өндiретiн өнiмдер нарығындағы жағдайға байланысты қабылданады.