Аннотации:
Мақаланың мақсаты – әлеуметтік жұмыс бағытындағы студенттердің оқу іс-әрекеті
мотивациясының мазмұнын талдау. Жұмыстың әдісі және әдіснамасы – ғылыми
зерттеулерді, әдебиеттерді талдау, студенттерге зерттеу жүргізу. Студенттердің оқу ісәрекетінің мотивациялық сферасы көпкомпонентті және түрлі деңгейлі болып табылады.
Бірінші курс студенттерінен бесінші курс студенттеріне дейін танымдық және әлеуметтік
мотивтердің бір деңгейінен келесі деңгейіне біртіндеп өту байқалады. Мотивациялық
сфераның ішкі құрылымдық динамикасына әсер етуші факторларға оқу іс-әрекеті мен
тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру, қарым-қатынас ситлі, оқу түрлері мен формалары жатады.