dc.description.abstract |
Мақалада педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері және психологиялық
жақтары қарастырылады. Студентердің педагогикалық коммуникациялық қарым-қатынасқа
даярлығы және дамыту жолдары дәйектелді. Қарым-қатынасты анықтауда арнайы «педагогикалық
қарым-қатынас» деген ұғым қолданылды.
Педагогикалық қарым-қатынас мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады.
Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен студент арасындағы нақты психологиялық байланыс
деп нақтыланды.
Психолого-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, А.А. Леонтьевтің, М.И.
Лисинаның, Х.Т. Шерьязданованың, А.Р. Ерментаеваның және т.б. педагогикалық қарым-қатынас
теориясы талданды.
Қарым-қатынас адам пcихикасын, дамуды психикалық дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық
коррекциялау және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы және
мақсаты болып табылатындығы талданды.
Студенттердің педагогикалық қарым-қатынасқа даярлығын дамытудың теориялық мәнділігі,
психологиялық әдістерді өткізудің қажеттілігі, педагогикалық қарым-қатынастың дағдысы
қарастырылды. Педагогикалық қарым-қатынастың формасы - студент пен педагогтың «субъектсубъект» жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері қарастырылды. |
ru |