dc.description.abstract |
Мақалада авторлар ЖОО-да оқитын қазақ диаспорасы болып табылатын шетелдік
студенттерге білім беру барысында туындайтын мәселелер туралы сөз қозғайды. Қазақ диаспорасы
болып табылатын шетелдік студенттерге тілдерді, оның ішінде, орыс тілін шет тілі ретінде оқыту
мәселесі ғана емес, қазақ тілін қатынас және оқу-танымдық әрекет құралы ретінде игерту туралы
мәселелер қарастырылады. Қазақ диаспорасы болып табылатын шетелдік студенттерге алғашқы
кезеңде университетте оқу үдерісіне бейімделудің өзіндік қиындықтары болады. Авторлардың
ойынша, осы кедергілерді болдырмау үшін қазақ диаспорасы өкілдері болып табылатын шетелдік
студенттердің коммуникативтік ерекшеліктері қазіргі білім беру жүйесінде ескерілу қажет,
алайда бұл іс жүзінде мүлдем жоқ. Себебі, қазақ диаспорасы өкілдері болып табылатын шетелдік
студенттер жалпы мемлекеттік ЖОО білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. |
ru |