dc.description.abstract |
Азаматтардың денсаулығын сақтау - адам өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған
басымдық. Мұндай көзқарас кез-келген іс-әрекетпен шұғылданатын тұлғаларға психологиялық және
әлеуметтік көмек көрсетудің теориясы мен тәжірибесіне толығымен сәйкес келеді. Психологиялық
жұмыстың міндеті – тұлғалардың әлеуметтік ортаға, атап айтқанда қоршаған ортаға оңтайлы
бейімделуіне ықпал ету. Сондықтан мақалада тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін игеруі және
оның психологиялық денсаулықты сақтау мәдениетін дамытудағы маңыздылығы қарастырылады.
Психологиялық мәдениеттің құрылымдық компоненттері, олардың талдануы сипатталады.
Сонымен қатар психологиялық мәдениеттің адам өмірінің әлеуметтік, физикалық,
интеллектуалдық эмоционалдық, рухани аспектілеріне тәуелділігі талданады. Қарым-қатынас
мәдениетін, психологиялық денсаулықты сақтау мәдениетін дамытудағы Э. Берн әдістемесін
қолдану жолы, трансактілік талдаудың орны көрсетілген. Тұлғаның денсаулыққа құндылықты
қатынас дәрежесін олардың салауатты өмір салтын шынайы орындау және денсаулықты сақтау
әрекетіне қатысу дәрежесі бойынша, сондай-ақ позитивті немесе негативті бағытта өзгеру
динамикасы бойынша бағалауға болады деген қорытынды жасалады. |
ru |