dc.description.abstract |
Бұл мақалада автор жарыстардан жемісті шығу спортшының физикалық,
техникалық және тактикалық дайындығының жоғары деңгейіне ғана емес, оның психологиялық
дайындығына да байланысты болатыны белгілі. Шын мәнісінде де, өзінің физикалық, техникалық
және тактикалық қабілеттерін, дағдылары мен икемдерін толығымен іске асыру үшін, оған қоса
жарыстардың міндетті элементі ретінде өзінің резервтегі жасырын мүмкіндіктерін ашу үшін,
спортшыға спорттық қызметтегі белгілі бір жағдайларға психологиялық дайындық қажет. Бұл,
тәжірибе көрсетіп отырғанындай, спортшылардың медальды қанжығасына салуға толық дайын
бола тұра, психологиялық дайындығының жетіспеушілігі салдарынан өзінің қарсыласына ұтылып
қалған талай мысалмен байланысты. Осыған орай, спортшылардың жарыстарға психологиялық
дайындығы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзі бойынша да жоғары
санатты спортшыларды дайындауда өзекті мәселе болып табылады.
Бұл мақалада спортшыларды жарыстарға психологиялық дайындаудың түрлері мен әдістері
туралы жинақталған ақпарат ұсынылып отыр. |
ru |