Аннотации:
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістерге сәйкес,
білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бағытталған дамытушы оқыту ортасын
ұйымдастыру, тьюторлық сүйемелдеуді жүзеге асыру Болон декларациясы, кредиттік оқыту
технологиясы бойынша оқытуды ұйымдастырудың негізгі міндеттеріне жатады. Кредиттік оқыту
технологиясының негізінде оқытуды барынша жекедараландыру үшін әртүрлі инноватикалық
технологияларды қолдану; студенттің әртүрлі білім бағдарламаларын меңгеруге ықпал ететін,
жекедаралану білім алу қағидасын жүзеге асыру мақсатында, жаңа педагогикалық позицияларды
енгізу, қолдану, білім алушылардың оқу-танымдық дербестігін, студенттің білім алудағы
субъектік позициясын арттыру мәселелері жатады. Соған сәйкес жоғары білім беру жүйесінде
тьюторлық сүйемелдеу, студенттердің өзіндік білім алу, жеке оқу траекториясында таңдау жасауда
жауаптылығын арттырады, жекетұлғалық, кәсіби салада өзін-өзі анықтауына, тануына мүмкіндік
береді. Сол себептен мақалада жоғары білім беру жүйесіндегі тьюторлық сүйемелдеудің отандық
және әлемдік тәжірибесі қарастырылды.
Ұлыбритания, АҚШ, Ресей және Қазақстандағы тьюторлық сүйемелдеу тәжірибесі негізінде
тьютордың жоғары білім берудегі 4 негізгі позициясы: тьюторлық сүйемелдеу үдерісі жайлы
негізгі ұғымдар, тьюторлық сүйемелдеудің субъектілері, тьюторлық сүйемелдеуді ұйымдастыру
ерекшеліктері, тьюторлық сүйемелдеудің нәтижелері жүйеленген түрде талданды.