Аннотации:
Бұл мақалада қазіргі уақытта әлеуметтік мәселе ретінде ұрпақтар сабақтастығы
және өзекті мәселердің бірі «қарттар үйінің» көбеюінің себеп салдары жайлы қарастырылады.
Ұрпақтар сабақтастығын сақтауда отбасының және халықтық педагогиканың рөлі мен маңызы
көрсетіледі. Халықтық тәрбие бұл ұрпақтар сабақтастығының сақталып, ары қарай үйлесімді
жалғасуында басты рөл атқаратынын жеткізеді. Халықтық тәрбие жайлы тек қазақ халық
педагогикасының ғана өкілдері емес сонымен қатар, шет елдік ғалымдардың да ой пікірлері
жазылған. Мақалада «қыз бала», «ұл бала» тәрбиесі, «жеті ата» институты, салт-дәстүр, ұлттық
мәдениет жайлы мысалдар келтірілген.