ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ӘЛЕУЕТТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Дата
2025ISBN
978-601-385-061-0Аннотации
Берілген мақалада елімізде қалыптасқан мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүйесіне цифрландырудың әсері мен жаңа талаптары
талқыланады. Цифрлық экономика жағдайында сыбайлас жемқорлықты
болдырмау мен бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін аудиттің
рөлі ерекше маңызға ие. Ақпараттық технологияларды қолдану, деректердің
қауіпсіздігі және аудиттің тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылады.
Мұнда мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясына қажеттілікті,
білікті мамандар тапшылығын және заманауи ақпараттық жүйелермен
интеграциялаудағы қиындықтарды көрсетеді. Сондай-ақ, мемлекеттік аудитті
жетілдіру үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктері мен
мәселелері қарастырылып, ұсыныстар беріледі.
