МЫС (ІІ) КАТИОНЫН ҚАТТЫ ФАЗАЛЫҚ СПЕКТРОСКОПИЯЛЫҚ АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ

Дата
2014ISBN
978-9965-31-610-4Аннотации
Қазіргі уақытта аналитикалық химияда сулы ерітіндіден металл иондарын жеңіл балқитын
органикалық заттармен экстракциялау әдісі кеңінен қолданылады. Жеңіл балқитын органикалық
заттарға алифатты және жоғарғы карбон қышқылдары жатады. Біздің жұмысымызда парафин
балқымысындағы натрий диэтилдитиокарбаматы реагент ретінде қолданылады. Әдеби
мәліметтерге сүйенсек, мыс (ІІ) экстракциялауда негізінен күкіртті және оттекті органикалық
реагенттер қолданылады. Парафинді таңдап алудың себебі, оның балқу температурасы төмен,
экстракциялау жеңіл жүргізіледі және материалдық жағынан қол жетімді болып табылады.
