Аннотации:
Кәсіби стресс – күрделі түсінік. Кез келген қызметкер жұмыстағы стресске бейім болып келеді. Адамның тұлғалық мінез-құлқы, адамдармен қарым қатынасқа түсу тәсілдері стрессор болып табылады. Стрессорлар әрекет нәтижесінде пайда болмай тұрып, жұмысқа енеді, бірақ кез келген жағдай стресстің ажырамас бөлшегі. Кейбір мінез-құлық ерекшеліктері стресстің тұлғалық факторлары болып келеді, мысалы: мазасыздық деңгейі, нейротизм деңгейі, белгісіз жағдайларға көндігу, мінез-құлықтың типтік ерекшеліктері.Кәсіби іс-әрекет жағдайынан тыс стресстер жұмыстан тыс жерде де болады. Мысалы, отбасылық проблемалар, өмірлік дағдарыстар, қаржылық қиыншылықтар, қоршаған орта факторлары. Барлық факторлар қосылып стресске тұрақтылықты төмендететін қатерлі аурулардың дамуына әкелетін денсаулыққа қатысты проблемаларды тудырады.