Аннотации:
Инновациялық іс-әрекетке дайындықты дамыту, онсыз табысты педагогикалық қызмет бүгінгі күні мүмкін емес, білім беру мекемесінің практикалық психологының нақты міндеті болып табылады. Сонымен бірге мұғалім тек орындаушы ғана емес, инновациялық үдерістерді тікелей жасаушы да болуы керек. Инновациялар әдетте білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық жағдайының өзгеруіне әкеліп, олардың өзіне деген сенімділік деңгейіне әсер етеді. Сонымен, педагогикалықпсихологиялық қолдаудың мақсаты – жаңашылдыққа психологиялық қолдау көрсету және педагогтардың жаңашылдыққа психологиялық дайындығын дамыту, психологтың маңызды міндеті – мұғалімдерге өз жұмысында бір нәрсені өзгертуге ұмтылу үшін жағдай жасауға көмектесу.